Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық компонентін 2 миллионнан астам адам алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
2021 жылғы 30 маусымдағы мәлімет бойынша, I компонентпен 3 335 172 адам вакцина салдырды, II компонентпен 2 000 596 адам егілді.
Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер:
Алматы қаласы – 298 003 адам;
Алматы облысы – 205 356;
Түркістан облысы – 194 870;
Шымкент қаласы – 156 618;
Қарағанды облысы – 151 194;
Нұр-Сұлтан қаласы – 150 169.

