22 нау, 2020 сағат 20:48

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті

Қазақстанда тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыцз 23:50-дегі жағдай бойынша, Алматыда бір адам коронавирус жұқтырған. 

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандары саны 60-қа жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.