Қазақстанда кейінгі бір тәулікте 2765 адамның ПТР-тест қорытындысы оларға коронавирус жұққанын анықтаған. 19 адам көз жұмған.
Денсаулық сақтау министрлігі тағы 87 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғанын, 6 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандар саны Нұр-Сұлтан (797) мен Алматыда (385), сонымен бірге Қарағанды облысында (463) тіркелген. Эпидемологиялық ахуалға байланысты Қазақстан қазір "қызыл аймақта" тұр.
Індет басталғалы бері 430 928 адамның ПТР тесті оң шыққан. 4418-і қайтыс болған.
Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 57 276 адамға жетті. 3458-і көз жұмды.
3 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 28 575 адам коронавирус инфекциясынан (–27 231 + және 1344 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 8 640 пациент - стационарда, 19 935 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 541 адамның жағдайы ауыр,
• 117 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Кейінгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 3 млн 612 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 2 млн 134 мың адам екі дозасын алған. Халыққа ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасын егіп жатыр.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 183 млн-нан астам адамға коронавирус жұққан, 4 млн-ға жуық адам қайтыс болған.
Аймақтар бойынша өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны: Нұр-Сұлтан қаласы - 797, Алматы қаласы - 385, Шымкент қаласы - 131, Ақмола облысы - 98, Ақтөбе облысы - 35, Алматы облысы - 88, Атырау облысы - 137, Шығыс Қазақстан облысы - 83, Жамбыл облысы - 37, Батыс Қазақстан облысы - 157, Қарағанды облысы - 463, Қостанай облысы - 53, Қызылорда облысы - 33, Маңғыстау облысы - 142, Павлодар облысы - 65, Солтүстік Қазақстан облысы - 20, Түркістан облысы - 41.
Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 1453 адам коронавирустан айығып шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 470, Алматы қаласы - 102, Шымкент қаласы - 65, Ақмола облысы - 32, Ақтөбе облысы - 35, Алматы облысы - 29, Атырау облысы - 94, Шығыс Қазақстан облысы - 61, Жамбыл облысы - 15, Батыс Қазақстан облысы - 158, Қарағанды облысы - 257, Қостанай облысы - 35, Қызылорда облысы - 17, Маңғыстау облысы - 33, Павлодар облысы - 27, Солтүстік Қазақстан облысы - 11, Түркістан облысы - 12.
Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны - 399 279.
