09 там, 2020 сағат 09:00

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 25 182 адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 182 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 108 сәби бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, стационарларда 5 021 науқас жатыр. 20 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 121 адамның халі нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.