03 қыр, 2020 сағат 08:11

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 171 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 459 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 34 бала бар. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат көздерінде жедел жарияланады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.