Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Қаза болғандардың бірі Павлодар облысынан, 1957 жылы туған әйел. Екіншісі — Нұр-Сұлтан қаласынан, 1966 жылы туған ер адам.
Өлім деректерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеді.
Осымен Қазақстан бойынша аталған індеттен барлығы 58 адам қайтыс болды.