Фото: Restolife.kz
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану орны тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық (2023 жылы – 15 826 нысан), деп хабарлайды Ult.kz.
Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп саны тіркелген өңірлер:
-
Алматы қаласы – 2 427 мекеме,
-
Астана қаласы – 2 252 мекеме,
-
Қарағанды облысы – 1 333 мекеме.
Нысан түрлері бойынша өсім мынадай:
-
Мейрамханалар – 2 358 (2023 жылмен салыстырғанда +55 бірлік),
-
Асханалар – 5 618 (+4,3%),
-
Кафелер – 5 202 (бір жылда 16,1%-ға артқан, 2023 жылы – 4 479).
Ең көп мейрамхана орналасқан өңірлер:
-
Астана – 524,
-
Алматы – 446,
-
Ақтөбе облысы – 161.
Кафелер саны бойынша көшбасшылар:
-
Астана – 643,
-
Алматы – 618,
-
Қарағанды облысы – 589.
2024 жылы тамақтану және сусын ұсыну бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1,5 трлн теңгеге жеткен.
