29 нау, 2022 сағат 11:53

Қазақстанда кеңсе қағазы тапшылығы болмайды - министр

Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кеңсе қағазы қымбаттауына қатысты пікір білдіріп, Қазақстанда тапшылық болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстанда тапшылық болмайды деп ойлаймын. (...) Қазір қағаз әкеліп жатырмыз, басты жеткізуші ел - Ресей. Оған 61 пайыз тиесілі, содан кейін Түркия мен Қытай. Қажет болса, біздің бизнес-құрылымдарымыз тез бағдарланады деп ойлаймын. Кедергілер туындаса, қағазды жеткізу үшін балама бағыттар жеткілікті. Қағаз кесетін өндіріс бар, яғни орама қағаз шығады, мұндай екі зауыт бар. Шикізатты осы елдерден әкелеміз", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Осы орайда журналистер дүкендерде қағаз бағасы өсіп жатқанын атап өтті.

"Бағаны қадағалайтын арнайы органдар бар, солар тексереді. Баға өзгереді, неге екенін білмеймін. Тапсырмам бойынша кеше ғана кірдік (кеңсе тауарлары дүкендеріне. - ескерт.). Біреулер 3 мың теңгеден сатса, басқа дүкендер 5-6 мың теңгеден сатады. Тиісті органдар қайта тексеретін шығар", - деді министр.