Ел аумағында «Келімсек-2021» операциясының бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«5 шілдеден ел аумағында ішкі істер органдары шекара қызметтерімен бірлесіп, «Келімсек-2021» операциясының бірінші кезеңін бастады», - деді деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Осы ретте ІІМ өкілі операцияның мақсатына да жан-жақты тоқталып өтті.
«Оның мақсаты - шетелдіктердің заңсыз көші-қон арнасын және заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың қызметін анықтау және жолын кесу, шетелдіктердің келген еліне өз еркімен қайтарылуына, оның ішінде реадмиссия тәртібімен, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға жәрдем көрсету», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
