Меркі орман шаруашылығында бір жарым жыл ішінде фототұзаққа сегіз қар барысы түскен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Орман шаруашылығы өкілдерінің атуынша, қар барысы алғаш рет 2018 жылдың қысында тіркелген.
«Рейд кезінде біз қар барсының ұрғашысын ұялы телефонның камерасына түсіріп алдық. Ол аландарымен бірге жүрді. Бұл туралы біз БҰҰ Даму бағдарламасына хабарладық, олар бұл фактіге қызығушылық танытты. Өйткені қар барысы Жамбыл облысында бұрын-соңды кездеспеген. Сөйтіп, «қызыл кітапқа» енетін сирек жануардың біздің шаруашылықта да өмір сүретінін білдік», - дейді Меркі орман шаруашылығы директорының орынбасары Азат Еренсіз.
Азат Еренсіздің айтуынша, орман шаруашылығының аумағында барыстар жиі пайда бола бастағандықтан 11 фототұзақ орнатылды.
«Бүгінгі күні Меркі орман шаруашылығында фототұзақтарды екі маман бақылайды. Қар барысы 10 күн сайын суретке және видеоға түсіп қалады. Аландарымен жиі түсетін болды», - дейді ол.
Алдағы уақытта орман шаруашлығы «қызыл кітапқа» енген жануарларды бақылау үшін SMART камераларын қолданбақшы.