10 ақп, 2021 сағат 17:38

Қазақстанда қанша медқызметкер коронавирус жұқтырды?

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қарашадан қаңтарға дейін 2 607 медицина қызметкері ауырып қалды, оның ішінде 2 440 маманда коронавирус инфекциясы расталды, ал 167-сінде – КВИ минус. Бірақ эпидемиологиялық тексеру аясында тек 225 медқызметкердің ауруы кәсіби қызметке байланысты екені растағалды», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында. 

Оның айтуынша, қалған мамандардың ауруы кәсіби қызметпен байланысты болмаған.

«Қайтыс болғандар бойынша: қарашадан қаңтарға дейін 7 медицина қызметкері қайтыс болды, оның 5-еуінде де ауру медициналық көмек көрсетумен, яғни өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырумен байланысты емес. Екі медицина қызметкері бойынша тексеру әлі жалғасуда», - деді А.Есмағамбетова.