14 шіл, 2021 сағат 08:54

Қазақстанда қанша адам коронавирус вакцинасын салдырды?


Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алған қазақстандықтар жайлы статистиканы жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

13 шілдеге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компоненті 4 601 830 адамға салынған. 

Ал екпенің екінші компонентін алған адам саны - 2 541 853.