10 қыр, 2024 сағат 12:10

Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?

Фото: pixabay.com

Қазақстанда еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге сұраныс өзекті болып қала береді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді орындау бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралған отырыста кәсіби кадрларды даярлау жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Оның сөзінше, кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 49%-на жетіп, 17 пайыздық тармаққа ұлғайды.

Экономика салалары бөлігінде кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлердің ең көп саны сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларында басым болып, жалпы саны 2,5 млн адамға жетті.

Дегенмен, еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге сұраныс өзекті болып қала береді.

Техникалық білімі бар жұмысшыларға күтіліп отырған сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары (70%).

2030 жылға дейін кадрларға сұраныс 1,8 млн адамды құрайды, оның 1 млн-ға жуығынан техникалық білім талап етіледі.