Фото: Stat.gov.kz
Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған ауқымды индустриялық жобаларды іске асыруда, деп хабарлайды Ult.kz.
Негізгі мақсат – шикізат экспортына тәуелділікті азайтып, өңделген өнім көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрақты экспорттық әлеует қалыптастыру.
Бүгінде жалпы құны 10,2 трлн теңгеге жуық ірі жобалар портфелі жасақталды. Олар 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Ірі жобалар қатарында:
-
«ЕвроХим–Қаратау» ЖШС (Жамбыл облысы)
536 млрд теңге инвестиция. Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығарылады. 1,2 мың жұмыс орны. Келесі жылы іске қосылады. -
«Састөбе химиялық кешені» ЖШС (Түркістан облысы)
Инвестиция – 153,9 млрд теңге. Жылына 100 мың тонна каустикалық сода, 120 мың тонна ПВХ және басқа да өнімдер өндіріледі. 940 жұмыс орны. 2027 жылы іске қосылады. -
«Qazaq Kalium Ltd» (БҚО)
1,2 трлн теңгелік калий тыңайтқыштары кешені. Жылына 1,5 млн тонна өнім. 4 мың жұмыс орны. 2027 жылы іске қосылады. -
«Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС (Түркістан облысы)
113,5 млрд теңге. Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы. 274 жұмыс орны. 2027 жылы іске қосылады. -
«Qarmet» АҚ (Қарағанды облысы)
Болат өнімдерінің жаңа түрлерін шығару жобасы. 1,6 трлн теңге инвестиция. Жылына 5 млн тонна болат. 1,9 мың жұмыс орны. 2028 жылы іске қосылады. -
ССКӨБ (Қостанай облысы)
Ыстықтай брикеттелген темір өндіретін зауыт. 920 млрд теңге. Жылына 2 млн тонна өнім. 1 мың жұмыс орны. 2028 жылы іске қосылады.
Шетелдік инвесторлар тарту күшейді
Шикізаттан бөлек секторларды қолдау мақсатында Үкімет шетелдік инвесторларды өңдеу, металлургия, химия және материалдар өндірісіне тікелей тартуды жандандырып отыр.
Қатысушы елдермен бірге жалпы құны 5,7 трлн теңгеге 20 ірі жоба дайындалған. Олар бойынша 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Инвестициялар ең көп тартылған өңірлер:
-
Жамбыл облысы – 1,47 трлн теңге
-
Павлодар облысы – 1,02 трлн теңге
-
Қостанай облысы – 920 млрд теңге
Салалар бойынша:
-
түсті металлургия – 1,95 трлн тг
-
қара металлургия – 1,76 трлн тг
-
химия өнеркәсібі – 1,71 трлн тг
«Аралас қаржыландыру» тетігі тиімділігін көрсетуде
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің айтуынша, 2022 жылдан бері аралас қаржыландыру қағидаты бойынша 116 жобаға 700 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
Алдағы үш жылда индустриялық жобалардың есебінен 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашу жоспарланып отыр.
2026 жылға арналған бюджетте ҚДБ, Өнеркәсіпті дамыту қоры және Qazaqstan Investment Corporation арқылы 30-ға жуық жаңа жобаны қолдау қарастырылған. Бұл шаралар шикізаттық емес өнім өндірісін ұлғайтуға және жаңа инвесторлар тартуға жол ашады.
