18 ақп, 2022 сағат 13:21

Қазақстанда инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді


Елімізде инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық кәсіпкерлер кеңесімен бірге инвестициялық ахуалды және бизнес ортаны әрі қарай жақсартуға бағытталған шаралар іске асырылады. Сондай-ақ, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Онда негізінен жеке инвестицияларға басымдық беріледі. Бізге еліміздің экономикасын қалпына келтіру мен дамытудың драйвері болатын жобалар қажет», - деді Әлихан Смайылов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде. 

Сондай-ақ, Үкімет басшысы қазақстандық бизнесті ұлттық экономикаға белсенді түрде инвестиция салуға шақырды. 

«Ал мемлекет өз кезегінде жекеменшіктің және заң үстемдігінің тұрақтылығына кепілдік беруі тиіс. Инфрақұрылым бизнестің бәріне бірдей қолжетімді болуы қажет», - дейді ол.