Фото: Pexels.com
Қазақстанда енді бензин мен дизель отынының бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді, деп хабарлайды Ult.kz.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда көрші елдермен салыстырғанда бензин бағасында үлкен айырмашылық байқалады. Мысалы Қазақстандағы АИ-92 маркалы бензин бағасының көрші елдермен айырмашылығы 40%-дан 138%-ға дейін, дизельдік отын бағасындағы айырмашылық 20%-дан 79%-ға дейін жетеді.
"Бұл бензин тапшылығын туындатып, әртүрлі заңсыз схемалар арқылы бензинді шетелге заңсыз шығару әрекеттерін арттырады", – делінген хабарламада.
Министрлік бағаның қатты көтерілмейтінін айтады.
"Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік қолдау шаралары жалғасады. Ал ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер дизельдік отынды ашық схемалар бойынша және тиімді бағаға ала алады", – делінген министрлік хабарламасында.