01 қар, 2019 сағат 12:29

Қазақстанда электр энергиясы тарифі қымбаттайды

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті электр энергиясы тарифінің қымбаттауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Энергетика саласындағы өкілетті органдар (Энергетика министрлігі) айтқандай, станциялар бойынша тариф шамамен 15% көтерілді. 44 станцияның 32-сі бойынша тариф көтерілді. Бұл соңғы тұтынушылық бағаға аздап әсер етеді», - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, электр энергиясы тарифі 6-7% көтеріледі деп күтілуде.

«Нәтижесінде тұтынушылар үшін баға шамамен 6-7% қымбаттайды. Одан артық қымбаттамайды. Мұндағы субъектілердің көпшілігі тарифті көтеру жұмыстарын келесі жылы бастайды. Онда әрбір субъектінің тарифтерін тексеріп шығамыз», - деді А. Дарбаев.

Оның айтуынша, электр энергиясының жаңа тарифтік мөлшерлемесі 2021 жылдан бастап күшіне енеді.