10 мау, 2021 сағат 20:51

Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру үшін жаңа нарықтарды игеру керек –Президент


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Шетелдік инвесторлар кеңесінде көтерілген мәселелер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шикізаттық емес экспортты дамытуға арналған Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткіздім. Экономиканы қайта қалпына келтіруді ескере отырып, цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізумен, жаңа экспорт нарықтарын игерумен және көлік әлеуетін дамытумен айналысу қажет»,-деп жазды Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Президент Үкімет Кеңес мүшелерінің сыни ескертпелері мен ұсыныстарын назарға алатынын жазды.