05 мам, 2020 сағат 14:58

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері бар?

Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі? Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша Қазақстанда қазіргі таңда Екінші дүниежүзілік соғыстың 1 025 ардагері бар. 

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жеңіске үлес қосқан азаматтардың бәріне материалдық көмек берудің кепілдендірілген шегін бекіту туралы әкімдіктердің барлығына кеңес берген еді. Осының нәтижесінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек берілді», - деді ол. 

Вице-министр, сонымен қатар, Ленинград қоршауында қалған тұрғындар мен концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына 50 мың теңгеден, ал ҰОС-ның қайтыс болған ардагерлерінің жұбайына, сонымен қатар соғыс жылдары еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден берілетінін мәлім етті. 

«Төлем барлық аймақта жүргізіледі. Жеті өңірде беріліп те қойды. Олар: Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Басқа өңірлерде жақын арада бәріне табысталады», - деді Ерлан Әукенов.