Фото: Pexels.com
Бұл туралы Мәжілісте Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты.
"Жыл сайын докторанттар мен магистранттар үшін шәкіртақы мөлшері 20%-ға артады. 2028-2029 оқу жылына қарай 100%-ға өседі. Мысалы, 2028-2029 оқу жылына докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл біздің алдағы бес жылға арналған жыл сайынғы жоспарымыз", - деді министр.
Айта кетейік, осы оқу жылына магистранттарға 13 мың грант бөлінді. Тестілеуге 40 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 43% (16 мың адам) шекті балл жинады.