20 нау, 2026 сағат 13:05

Қазақстанда діни толеранттылықты нығайтуға бағытталған қандай шаралар өтеді?

Діни наным-сенім бостандығы, толеранттылық Қазақстан мемлекетінің басты ұстанымдарының бірі. Сондықтан да елімізде елішілік, өңірлік және халықаралық деңгейлерде осы бағытта түрлі іс шаралар өткізіліп тұрады. 

Солардың бірі - елордада дәстүрлі тұрде жыл сайын өткізіліп тұратын  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. 
Атаулы шараға ислам, христиан, иудаизм, буддизм сияқты әр түрлі діндердің жүздеген өкілдері қатысады, көшбасшылары мінберден өз тақырыптарын көтеріп, ұсыныстарын ортаға салады. Ауқымды шарада діндер арасындағы диалог, татулық пен экстремизм мәселелері талқыланады.

Бұдан бөлек елімізде 2024 жылдан бастап Жас діни лидерлер форумдары ұйымдастырылатын болды. Форумда өскелең ұрпақтың діни толеранттылығын күшейту үшін атқарылатын жұмыстар, жастар арасында радикализмнің алдын алу шаралары талқыланып, шешімі қарастырылады.

Айта кетейік, елімізде діни бірлестіктердің тұрақты кездесулері өтіп тұрады. Мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрғындардың діни көзқарасында бейбітсүйгіштікті, толеранттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі жиындар өтіп тұрады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, православие шіркеуі және басқа конфессиялар ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шаралары, мәдени шаралар және мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін толеранттылыққа бағытталған жиындар өткізіліп тұрады. 

Осы іспеттес жиындар мен іс-шаралар еліміздің діни толеранттылықты дамыту, бейбітсүйгіштік пен келісімді нығайту бағытында жасап жатқан жұмысын көрсетеді.