28 мау, 2017 сағат 10:37

Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі"Ұлт ақпарат" құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

                        Қазақстан Республикасының  Президенті                Н.Назарбаев  

                        Астана, Ақорда, 2017 жылғы 20 маусым      

                        № 500