06 жел, 2022 сағат 12:55

Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлеме өсті


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтарына арналған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді көтерді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шекті мөлшерлемелердің жаңа мөлшері биыл 6-желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚДКБҚ екінші деңгейлі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді өзгерту туралы шешімді дербес түрде қабылдайтынын атап өтті.

Депозиттердің түріне және мерзіміне байланысты ҚДКБҚ-ның ең жоғары мөлшерлемелерімен төмендегі кестеден танысуға болады: