Еліміздің барлық өңірінде дельта штамының өсуі соңғы бір аптада артып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынабсары Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Соңғы аптада дельта штамның таралуы өткен аптаға қарағанда республиканың барлық өңірінде өскен. Сырқаттану көрсеткішінің өсімі 1,9 есе болды. Өңірлердегі төсек-орын қорын мониторингілеу деректеріне сәйкес 8 шілдедегі жағдай бойынша төсектердің республика бойынша жүктелімі – 37 пайыз, реанимациялық төсектердің жүктелімі – 32 пайыз», - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, соңғы деректер бойынша Қазақстанда 35 554 адам коронавирустан емделіп жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 709 адамның жағдайы ауыр,
• 161 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 91 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
