19 қаң, 2023 сағат 10:26

Қазақстанда ДДСҰ-ның сайты бұғаттан шығарылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына қолжетімділік штаттық режимде қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен (ҚР СІМ, ҚР АҚДМ) бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін пысықтады.

2022 жылғы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int)  бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып, қолжетімділік шектелгенін естеріңізге саламыз.

Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ДДҰ ресми веб-сайтында (www.who.int) суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді" - делінген хабарламада.