11 қар, 2025 сағат 18:11

Қазақстанда дәрі-дәрмектерді тіркеу уақыты екі есеге қысқарды

Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін жеңілдетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Енді бұл процесс «Бір терезе» композиттік қызметі арқылы екі есе жылдам жүреді.

Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония және Ұлыбритания секілді реттеуші жүйесі жоғары елдерде өндірілген дәрілер үшін тіркеу мерзімі небәрі 15 жұмыс күнін алады. Фармакомпанияларға арналған онлайн-сараптама порталы, Call-орталық және цифрлық сервистер іске қосылған.

Министрліктің мәліметінше, жаңа тәсіл өз нәтижесін беріп үлгерді. Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектер саны 60 пайызға артты. Оның ішінде 300-ге жуық отандық препарат тіркеуден өткен.