Қазақстанда бірқатар өңірге әуе рейстері ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім етілді.