03 қар, 2020 сағат 06:15

Елімізде бір күнде коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды

2 қараша күні Қазақстанда 9 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Бір күнде 17 адам жазылды. Тәулік ішінде аурудың осы түрінен 2 адам қайтыс болды. 

Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 2 қарашаға дейін 38 0012 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 836 адам жазылған, 404-і қайтыс болған. 

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 4 адам өлімі тіркелген. 13 наурыз бен 2 қараша аралығында 113 309 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған, 1861-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 732 адам емделіп жатыр. Оның 2 482-сі стационарда ем қабылдауда. 161 науқастың ахуалы нашар, 19 адамның жағдайы - өте ауыр, 21 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.