16 қар, 2020 сағат 08:43

Қазақстанда бір аптада жол апаттарынан 48 адам көз жұмды

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Кәміл Ғалиев елдегі криминогендік ахуал жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша елде өткен аптада 3353 қылмыс тіркелген. Оның 2223-і бір тәулік ішінде ашылған. Полиция кісі өлтіру қылмысының - 11, денсаулыққа ауыр зиян келтіру салдарынан өлімге апарып соқтырған - 2, қарақшылық пен ұрлықтың - 36, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты 553 фактіні із суытпай ашқан.

«Бір аптаның ішінде 196 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінішке қарай 48 адам көз жұмды. 225 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды. Ауа райының бұзылуына байланысты Ішкі істер министрлігі елді мекеннен тыс жерге көлікпен шығу жоспарын кейінге қалдыруға шақырады. Жолдың жабылуын, ауа райының бұзылуын алдын ала қадағалап отырған абзал», - деді Кәміл Ғалиев министрліктің баспасөз мәслихатында.