16 там, 2021 сағат 12:15

Қазақстанда бір аптада 500-ге жуық ұрлық тіркелді


Өткен аптада еліміз бойынша 3370 қылмыс тіркеліп, 20 кісі өлтіру қылмысының беті ашылған, -деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтты.

«Бір апта ішінде 3370 қылмыс жасалды, оның 2341 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіру, 14 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 3 қарақшылық, 40 тонау және 496 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ІІМ өкілі.