06 там, 2025 сағат 15:40

Қазақстанда бензин қайта қымбаттап жатыр

Фото: ашық дереккөз

АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қыста 205 теңге болса, қазір 222 теңгеге жетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Үкімет өкілдері бұл әлі шегі емес дейді – көрші елдерде жанармай қымбат болғандықтан, біздің бензин алыпсатарлар үшін тартымды болып тұр.

Ақпаннан бастап баға нарыққа берілген еді. Нәтижесінде 7 айда бензин 17 теңгеге өсті.

АИ-92 бағасы:

  • • Астана, Алматы – 221-222 ₸
  • • Қарағанды, Тараз – 219 ₸

Энергетика министрлігі күзде бензин тапшылығы болуы мүмкін екенін де айтып отыр.