11 қаң, 2021 сағат 09:30

Қазақстанда «базалық мөлшерлеме» ұғымы заң тұрғысында бекітілді

Қазақстанда «базалық мөлшерлеме» ұғымы заң тұрғысында бекітілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстан заңнамасынан «базалық мөлшерлеме» ұғымына ауыстырылған «қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі» ұғымы алып тасталды. Бұл нормалар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «базалық мөлшерлеме» ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітілді. Базалық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі құралы және ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге арналған бағдар», - деп хабарлады Ұлттық банктен.

Осыған байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салуда және кедендік реттеуде өсімпұл есептеу кезінде, сондай-ақ төлемдерді, бөтен ақшаны заңсыз пайдалану және мерзімі өткен сома үшін тұрақсыздық айыбын, берілген ақша сомасын индекстеуді, кеден бажын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды индекстеуді кешіктіру кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда базалық мөлшерлеме қолданылады.