05 қаң, 2021 сағат 12:54

Өткен жылы Қазақстанда баспана құрылысына 2 трл теңге тартылған

Қазақстанда өткен жылы 15 млн шаршы метр баспана салынды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылдың қорытындысы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,5% көп. 150 мың баспана пайдалануға берілді, өсім 30,1% көрсетті», - делінген министрлік ақпаратында. 

Былтыр елімізде тұрғын үй құрылысына 2 трл теңге инвестиция тартылған. Бұл, оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 33% жоғары.