#
#
Жұма 05/03/2021

Елімізде баспана бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы жоба іске қосылмақ

  • 23.02.2021
  • 0
  • 217

«Отбасы банкі» елімізде баспана бағасын тұрақтандыратын жобаны қолға алды. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында «Отбасы банкі» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Қазір банк офф-тейк келісімшарты бойынша жеке құрылыс салушылармен жұмыс жүргізеді. Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жеке құрылыс салушылармен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында мемлекеттік қаржыландыруды тартпай ілкі жобаны іске асыру үшін әзірленіп жатыр», - деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша ипотекалық қарызды өтеуге – 35 мыңнан астам өтінім; ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға – 28 мыңнан астам өтінім, туысқа жинақтарды беруге 20 мыңнан астам өтінім түсті. 2021 жылғы 19 ақпандағы жағдайға сәйкес, зейнетақы қорынан 564 млрд теңге сомасына 98 мың өтінім жіберілді. 145 млрд теңге сомасына 28 мың өтінім жүзеге асты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар