16 қаң, 2023 сағат 18:04

Қазақстанда әуе тасымалы қымбаттады

Фото: pixabay.com

Қазақстанның екі өңірінде әуе сапарының бағасы 50 пайыздан аса қымбаттады, деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz порталы Energyprom сарапшыларына сілтеме жасап.

"2022 жылдың желтоқсанының қорытындысы бойынша әуе жолаушылар көлігі қызметтерінің құны бір жылда 16,8 пайызға өсті", - дейді сарапшылар.

Өңірлерге бөліп алғанда Батыс Қазақстан облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінді: бірден +67 пайыз.

Сондай-ақ, антилидерлердің үштігіне жылына 57,3 пайызбен Абай облысы және 43,2 пайыз көрсеткішпен Қостанай облысы кірді.

"Қазақстанның 20 өңірінің тек Ұлытау және Алматы облыстарында ғана бағаның төмендеуі байқалды: тиісінше 20,8 пайызға және 3,9 пайызға", - деп нақтылады авторлар.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында әуекомпаниялар 11 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға өсті. Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 7,4 миллион адам - жылына 11 пайыз. Одан кейін Шымкент пен Астана келеді.