15 там, 2019 сағат 13:02

Қазақстанда алтын өндірісі қаңтар-шілдеде 3,3% артты

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында өңделмеген және жартылай өңделген не болмаса ұнтақ түріндегі алтын өндірісінің көлемі 56 289 кг құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3% артық, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндірісінің көлемі 558 195 кг-ға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3% аз.

Өңделмеген алюминий, алюминий тотығы өндірісінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6% төмендеп, 965 179 тонна болды. Ал өңделмеген тазартылған қорғасын өндірісі 10,3% пайызға азайып, 79 534 тоннаны, өңделмеген мырыш өндірісі 3,3% артып, 192 258 тоннаны құрады. Өңделмеген тазартылған, қоспасыз мыс өндіру көлемі 3,4% пайызға өсіп, 270 078 тоннаға жетті.