02 сәу, 2022 сағат 20:10

Қазақстанда әлеуметтік маңыз бар тауар бағасы қаншалықты өсті


2022 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 11,4 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, өткен аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы – 1,3, ал айдың басынан бері – 9,1, жыл басынан бері 11,4 пайызға қымбаттаған. Жылдық мәнде 19 тауар атауын қамтитын азық-түлік бағасы 18,6 пайызға көтерілген. Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 8,1 пайызға жоғары. 

Сонымен бюроның статистикалық мәліметтеріне қарағанда, елімізде келесі азық-түліктердің орташа бағасы мынадай: бір келі ұн - 193, нан – 171, күріш – 265, қарақұмық – 458, күнбағыс майы – 788, сиыр еті – 2131, тауық еті – 1033, қант – 397, он дана жұмыртқа– 391 теңге.