Қазақстан өңірлерінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылады, сондай-ақ төсек-орындар саны қысқарады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда 7 провизорлық стационар және 1 инфекциялық стационар жабылды. Жалпы саны 1 070 төсек - орын, сондай-ақ 6 провизорлық стационарларда (855 орынға) төсек-орын саны қысқарды.
Жабылған аймақтар:
Ақтөбе облысы - БҚММУ жатақханасы (300 төсек-орын);
Атырау облысы - Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы (30 төсек), Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 төсек), Атырау облыстық ауруханасы (200 төсек);
Қарағанды облысы - облыстық кардиоорталық жанындағы «Турист» қонақүйі (100 төсек), облыстық психикалық денсаулық орталығы жанындағы ҚарМТУ жатақханасы (100 төсек);
Нұр-Сұлтан қаласы - Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 төсек - орны бар инфекциялық стационар);
Шымкент қаласы - Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 төсек-орын).
Төсек-орын санын қысқарту бойынша:
Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 төсектік), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 төсектік), Бейнеу ауруханасы (30 төсектік), Түпқараған аудандық ауруханасы (25 төсек-орын), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 төсек-орын);
Павлодар облысы – «Мойылды» шипажайы» АҚ базасындағы Сұлтанов атындағы госпиталь (500 төсек-орын).
Қалған облыстарда және Алматы қаласында провизор орталықтарын жабу немесе төсек-орын санын қысқарту ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастап жоспарлануда.