06 қыр, 2016 сағат 07:38

Қазақстанда 8 Иманғали Тасмағамбетов, 12 Кәрім Мәсімов бар

Қазақстанда 8 Иманғали Тасмағамбетов және 12 Кәрім Мәсімов бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, қазақстандық шенеуніктердің ішінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның аттасы көп болып шықты. Тізімде Маңғыстау облысы көш бастап тұр, онда Дариға Назарбаева аты-жөнімен 7 қыз тіркелген, Алматы облысында - 5, ОҚО-да - 4. Аттастардың жас шамасы - 1 жастан 13-ке дейін және бір 48 жастағы Дариға Назарбаева бар. Еске салаыйқ, ҚР премьер-министрінің орынбасары 53 жаста.

Дариға Назарбаева. © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің 11 аттасы бар. Министрлер кабинетінің аты-жөнін алғандардың басым бөлігі Алматы облысында тұрады - 7 аттас. Олардың жасы 1-10 аралығында. 

Кәрім Мәсімов. 

Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің 8 аттасы бар. Олардың ең жасы 8-де, ол Атырау облысында дүниеге келген. 

Данияр Ақышев. 

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың 7 аттасы бар. Олардың ең жасы бір жасқа да толмаған. 

Иманғали Тасмағамбетов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаровтың 6 аттасы бар. Олардың жасы 31-47 аралығында. 

Қайрат Қожамжаров.

Дәурен Абаев аты-жөнімен ақпарат және коммуникация министрін санамағанда, Қазақстанда 4 адам тұрып жатыр. Олардың жасы 15, 22, 29және 41 аралығында. 

Дәурен Абаев.

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 аттасы бар, жастары 5, 6 және 12 аралығында. 

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал Алматы әкімі Бауыржан Байбектің бір аттасы бар. Бір жасқа да толмаған бала Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Бауыржан Байбек.