Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 мамыр түнгі сағат 22.45-те тағы 14 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 2, Атырау облысында - 1, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында 5 адамға вирус жұққан.
Соңғы деректер бойынша, елде вирус жұқтырғандар 5090 адамға жетті. 1941 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.
11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай аяқталуы тиіс. Әзірге оның мерзімі созыла ма, жоқ па, белгісіз. Дүйсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік ететін мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді.
Жергілікті билік Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін де Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі сақталады деп мәлімдеді. Бұл екі қала коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алда тұр.