01 шіл, 2019 сағат 08:25

Қазақстанда 435 мыңнан астам ШОБ тіркелген

 

2019 жылдың мамыр айының соңында елімізде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 435,6 мыңды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға көп, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Energyprom-ға сілтеме жасап.

Оның ішінде жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны 291,7 мыңға жетіп отыр. Өсім - 10,3 пайыз. Бір жылдың ішінде белсенді шағын компаниялардың саны 11 пайызға артты. Алдағы уақытта да мұндай компаниялар саны арта түспек. Себебі 2019 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында ғана 14,6 мың шағын және орта бизнес жобасы қолдауға ие болмақ.

Шағын және орта бизнестің тіркелген субъектілерінің басым бөлігін құрайтын шағын компаниялар саны - 429,2 мың (1 жылдағы өсім 3,1 пайыз). Бірақ, олардың тек 66,6 пайызы немесе 285,6 мыңы (1 жылдағы өсім 10,5) ғана жұмыс істеп тұр.

2019 жылдың мамыр айының соңында небәрі 6,4 мың шағын компания тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға кем. Бұл ретте олардың 6,1 мыңы немесе 94,6 пайызы жұмыс істейді.

Шағын компаниялар санының көп болғандығына қарамастан олардың тек 55,8 пайызы немесе 159,4 мыңы (1 жылдағы өсім 10,6 пайыз) ғана жұмыс істеп тұр.

Орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында 97,5 пайызы немесе 5,9 мың компания белсенді жұмыс істейді. Жаңадан ашылған орта компаниялар саны 22,9 пайызға немесе 54 кәсіпорынға дейін, уақытта белсенді емес компаниялар саны 95-ке дейін қысқарды.