09 сәу, 2020 сағат 11:13

Елімізде 276 мыңнан астам адам 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем алды

Қазақстанда 276 мыңнан астам азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем берілді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан кірісінен айырылғандардан 42 500 теңге мөлшерінде мемлекеттік көмек алуға 1 773 791 бірегей өтінім қабылданды. Жалпы, шамамен 3 млн 128 мың өтінім келіп түсті. Сол 3 млн ішінде қайталанатын өтініштер - 1 млн 355 мың» делінген ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауының Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

8 сәуір күні кешкісін 276 756 қазақстандыққа көмек тағайындалып, төленген.