17 қыр, 2020 сағат 06:45

Қазақстанда 3916 адам коронавирустан емделіп жатыр

17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап. 

Олардың арасында 35 сәби бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

«Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.