23 мам, 2024 сағат 16:46

Қазақстанда 3,7 млн теңгеден асатын сомада несие алу үшін жұбайының рұқсаты керек болуы мүмкін


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов сенат кулуарында осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"1000 АЕК көлемінен асатын несие алатын болса, некедегі азаматтар жұбайының рұқсатын алуы керек. Неге 1000 АЕК деген шек қойдық. Себебі өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Аяқ астынан ақша қажет болуы мүмкін. Ал жұбайы шетелде болса, олардың келісімін алу қиын болады. Оның ішінде денсаулығына байланысты тез ақша керек болып қалуы мүмкін. Осы мәселелерді ескеріп, біз 3 700 000 теңге жедел қажет болатын қаржылық проблемаларды шешуге жеткілікті деп ойлаймыз", - деді ол.