10 қыр, 2025 сағат 17:18

Қазақстанда 329 мың адам 85 мыңнан аз жалақы алады

Фото: Үкімет

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың мәліметінше, 329 мың азамат 80 мың теңгеден төмен жалақы алады. Ал 780 мың адам ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көреді.

Министрлік дерегіне сүйенсек:

  • - Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерді қысқа мерзімді келісімшартпен немесе жартылай уақытқа алады;
    - Ірі ұйымдар салықтан жалтару үшін заңсыз еңбекке жүгінеді;
    - Ауылдағы тұрғындардың көбі ең төменгі жалақымен шектелген.

Биыл еңбекақы мәселесі бойынша еңбек инспекциясына бар-жоғы 18 азамат шағымданған.