ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кәсіподақ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі. Сіздер басты міндеттеріңіз – еңбек адамдарының заңды құқықтары мен өмірлік мүдделерін қорғау жұмыстарын абыроймен атқарып келесіздер.
Қазіргі уақытта әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде 3 млн-нан астам қызметкерді біріктіретін кәсіподақтар құрылып, жұмыс істеуде.
Соңғы жылдары біз қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған бірлескен іс-шараларды белсенді өткіздік.
Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылы кәсіподақтардың рөлін күшейтуге және әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік диалогты дамытуға бағытталған «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді.
Мемлекетке еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін оңтайлы үйлестіруге қол жеткізе алатын мықты және жауапты кәсіптік одақтар қажет.
Қоғамдық қатынастарды реттеудегі кәсіподақтардың рөлі неғұрлым маңызды болса, соғұрлым олар өздерінің негізгі мақсатын – жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды тиімді әрі сәтті жүзеге асыра алады.
Қазақстан кәсіподақтарына белсенді де жемісті жұмыс тілеймін! Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы өзінің 30 жылдығын атап өтуде. Кәсіподақтар федерациясымен көп жылдар бойы сындарлы және іскерлік қарым-қатынас орнаттық. Федерация – әлеуметтік әріптестіктің ең мүдделі және елеулі тарапы, барлық келіссөздердің бастамашысы. Сіздерге еңбектеріңізге толағай табыс, амандық және өркендеу тілеймін!» – делінген Біржан Нұрымбетовтің құттықтауында.