05 қаз, 2020 сағат 07:33

Қазақстанда 3 213 адам коронавирустан ем алып жатыр

Қазақстанда осы уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың арасында 73 сәби бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр, 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.