06 қаз, 2020 сағат 08:20

Қазақстанда 3 180 адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 3 180 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 70 сәби бар. Стационарларда 1 851 науқас жатыр. 1 329 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 86 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.