07 қаз, 2020 сағат 07:09

Қазақстанда 3 145 адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 7 қазан күнгі мәліметтер бойынша коронавирустан 3145 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 74 сәби бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, еліміздің стационарларында 1 882 науқас жатыр. 1 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 89 адамның денсаулық жағдай нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.