08 қаз, 2020 сағат 08:10

Қазақстанда 3 094 адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда осы уақытта 3 094 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 70 сәби бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, елдегі стационарларда 1 898 науқас жатыр, 1 196 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 87 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.